Қанды Қаңтар: Азапталып өлтірілген Алмас Мұқашевтің ісі бойынша ҰҚК қызметкерлері сотталды

Туыстары Мұқашевтің денесін белгісіз адамдар арасынан тапқан


20/07/2023
13:56 16810 0

 

Қанды Қаңтардан кейін Талдықорғанда азапталып өлтірілген Алмас Мұқашевтің ісі бойынша ҰҚК қызметкерлері сотталды. 

 

20 шілдеде Талдықорған қалалық сотында үкім оқылды. Сот шешімімен «Алмас Мұқашевті азаптап өлтірді» деп айыпталған Ұлттық қауіпсіздік комитетінің қызметкері Әнет Байтұрсынов 10 жылға бас бостандығынан айырылды. ҰҚК тағы бір қызметкері Андрей Сорокин 4 жылға шартты жазаға кесіліп, пробациялық бақылау белгіленді. 

 

Бұған дейін айыптаушы прокурор соттан Әнет Байтұрсыновты кінәлі деп танып, 11 жылға Андрей Сорокинді 3 жылға бас бостандығынан айыруды сұраған. 

 

Алмас Мұқашевті 2022 жылы 8 қаңтарда көшеде әйелімен бірге кетіп бара жатқан жерінен полиция ұстаған. Бес күннен соң туыстары Алмастың денесін мәйітханадан белгісіз адамдар арасынан тапқан. Туыстары Алмас Мұқашевті ұстап әкеткенде қалтасында құжаттары бар болғанын айтқан. 

 

«Азаптап өлтіру» бабы бойынша іс туыстары президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың атына бірнеше рет хат жолдағаннан кейін ғана қозғалған. Алмас Мұқашевтің ісі бойынша сот сәуір айында басталған. 

 

Адвокат Берден Қадырдың айтуынша, тергеу кезінде есінен танып қалған Алмас Мұқашевқа жедел жәрдем екі рет шақырылған. Бастапқыда тергеуші Әнет Байтұрсынов жедел жәрдемнің Алмасты әкетуіне рұқсат етпеген. Кейін тағы шақырып, ҰҚК тергеушісі де ауруханаға ілесе барған. «Бұл – террорист» деп, әл үстінде жатқан Алмастың қолындағы кісенді де шешкізбеген.

 

 

Поделиться

Нет комментариев.

20/07/2023 13:56
16810 0

Уведомление